$494.87 €520.65 ₽4.91
×

БҚО Көліктік бақылау инспекциясының лауазымды тұлғалары пара алды деген күдікке ілінді

AstanaTV
25.04.2023ж. 12:16
1146
БҚО Көліктік бақылау инспекциясының лауазымды тұлғалары пара алды деген күдікке ілінді

Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қазір осы істі тергеп жатыр.  

Инспекцияның үш қызметкері РФ астықты шамадан тыс тиеген ауыр жүк көліктерін «Самара-Шымкент» автожолы арқылы көліктік бақылаудың жылжымалы бекетінен кедергісіз өткізген. Осы “көмегі” үшін олар бірнеше рет пара алыпты.

ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат таратылуға жатпайды. Сонымен қатар, Конституцияның 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процесстік іс жүргізу кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, әркім өзінің қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кiнәлiлiгi осы Кодексте көзделген тәртiппен дәлелденгенге және соттың заңды күшiне енген үкiмiмен белгiленгенге дейiн кiнәсiз болып саналады.