Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

5G қосылса, тариф қымбаттай ма?

AstanaTV
25.04.2023ж. 15:50
827
5G қосылса, тариф қымбаттай ма?

Биыл Астана, Алматы, Шымкент және кейбір облыс орталықтарында 5G интернет желісі орнатылады. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлім етті, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.

Үкімет кулуарында министрге « 5G интернет орнатылса ұялы байланыс тарифі қымбаттай ма?» деп сұрақ қойылды.

"Әрине әрбір нарықта болған өнімнің өз тарифі болады. Қазіргі таңда Алматыда қосылып жатқан локациялардан олар арнайы тарифтерді 5G-ге әлі қоспады. Бірақ әрине әрбір оператордың нарыққа сай өз ойлары бар. Сондықтан, олар өнімді аяқтап, жариялайтын болады", - деп жауап берді Бағдат Мусин.