Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Көкшетауда бейіт маңынан адамның бассүйегі салынған пакет табылды

AstanaTV
25.04.2023ж. 15:35
1284
Көкшетауда бейіт маңынан адамның бассүйегі салынған пакет табылды

Көкшетаудағы Бармашин шағынауданында ескі казак бейітінде адамның бассүйегі салынған пакет табылды. Бұл жағдай қала тұрғындарын шошытты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бейіт маңындағы көп полиция қызметкері тұрғындарды алаңдатты.

Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері бұл жайтқа қатысты пікір білдірді. 

Полиция мәліметінше, Көкшетау қалалық полиция басқармасына тұрғын хабарласып, Бармашино маңындағы бейітке жақын аллеяда адамның бассүйегі мен сүйектері салынған пакет табылғанын хабарлаған. Айтуынша, пакет бейітте тазарту жұмыстары кезінде табылған. 

"Бұл дерек бойынша жедел тергеу тобы аттанды. Тексеріс барысында пакет ішінде расында да адам сүйектері екені анықталды. Сот медициналық сараптамасы тағайындалды. Оның нәтижесі бойынша процестік шешім қабылданады", - дейді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.