Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Өскемендік құтқарушылар суицидтің алдын алды

AstanaTV
25.04.2023ж. 18:00
1130
Өскемендік құтқарушылар суицидтің алдын алды

25 сәуірде құтқарушыларға тұрғын үйдің 9 қабатында әйел адамның секіргелі тұрғаны туралы хабар келіп түсті. 

Оқиға орнына келіп жеткен ШҚО ТЖД мамандандырылған жасақ қызметкерлері балконда асылып тұрған әйелді көреді және дереу «өмір кубын» орнатты. Сол уақытта қатарынан ШҚО ТЖД мамандары автосаты арқылы балконнан пәтерге кіріп, ештеңе байқамай қалған әйелді ұстап алып, ішке кіргізді. 

ШҚО ТЖД жедел құтқару жасағының психологы, полиция қызметкерлері, жедел жәрдем 1989 жылы туған әйелмен сөйлесті. Іс-әрекетіне күйеуімен арасында болған ұрсыс себеп болған екен.