Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

"Вагнер" қатарына қабылданған қазақ жігіт Қазақстан Қарулы күштеріне қызметке жарамаған

AstanaTV
25.04.2023ж. 19:29
732
"Вагнер" қатарына қабылданған қазақ жігіт Қазақстан Қарулы күштеріне қызметке жарамаған

"Вагнер" жеке әскери компаниясына қабылданған 23 жастағы қазақстандық Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Қазақстандағы әскери қызметке жарамсыз деп танылған, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Қарулы күштері Құрлық әскерлері бас қолбасшысының бірінші орынбасары, бас штабтың бастығы, генерал-майор Қаныш Әбубәкіров "Вагнер ЖӘК" мекемесіне қабылданған қазақстандық студентке қатысты жағдайға қатысты пікір білдірді.

"Осы азамат (Вагнерге қабылданған қазақстандық. – Ред. ескертпе) Қазақстан Республикасы Қарулы күштері қатарындағы қызметке жарамсыз деп танылды"-,деді Қаныш Әбубәкіров.

Сонымен қатар ол жеке әскери ротаның әрекетіне және жалпы жағдайға құқықтық бағаны басқа уәкілетті органдар беретінін, мұндай баға Қорғаныс министрлігінің құзыретіне кірмейтінін атап өтті.

Бұған дейін ҚР Сыртқы істер министрлігі Томск университетінің студенті Қазақстан азаматының ресейлік "Вагнер" ЖӘК-пен келісімшартқа отырғаны туралы ақпаратты растаған еді.