Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Роналду әйелінен ажырасса қанша байлығынан айырылады?

AstanaTV
25.04.2023ж. 18:20
1795
Роналду әйелінен ажырасса қанша байлығынан айырылады?

Батыс басылымдары Криштиану Роналду мен Джорджина Родригес жайлы жиі жаза бастады. Тіпті кей басылымдар екеуі ажырасар болса, байлық қалай бөлінетінін де есептеп қойған, - деп жазады Sportskeeda.com.

Португалдық БАҚ ақпараты бойынша, екеуі ажырасса Джорджина Родригес футболшының 35 пайыз байлығын иемденеді. Ал футболшының бар байлығы 1 миллиард доллардан асады. Демек, әйелі 350 миллион долларға жуығын иемденеді.

Джорджина 35 пайыз байлығын Роналдумен бірге ұзақ уақыт бірге тұрғаны үшін және екі баласының анасы ретінде алуға құқылы.

Баспасөз беттерінде Роналду әйелінің кей қылықтары мен тәкаппарлығынан шаршаған. Португалияның Noite das Estrelas телешоуында Куинтон Ариес атты психолог футболшының алаңдағы қимыл іс-әрекетіне қарап, жеке өмірінде бақытты емес деп бағалаған.

Криштиану Роналду мен Джорджина Родригес 2017 жылдан бері көпшілікке мәлім жұп. Қазір отбасы 5 бала өсіріп отыр.  Оның 3-і суррогат анадан болса, 2 қызды Родригес босанған.