Атырау облысында қызылша ауруының өршуі байқалады,-дейді Қазақстан Телеарнасы.
Мамандар 2 наурыздан бастап қалада қызылшаға күдікті 15 адамды тіркеген. Оның 3-еуі ересек қалғандары балалар.
Науқастармен қарым-қатынаста болған 216 адам медициналық бақылауға алынған.
Ал бүгін Жаңаталап ауылындағы орта мектеп оқушылары қашықтан оқу форматына ауыстырылды. Ондағы бірнеше баладан қызылша анықталған. Сол себепті сынып оқушылары онлайн әдісімен оқиды. Мектепке залалсыздандыру жүргізіледі.
"Жамбыл атындағы орта мектептің 5-сыныбынан бір оқушыдан және 3-сыныптың екі оқушысынан қызылша ауруының белгілері анықталды. Осы екі класты біз 25 сәуір мен 2 мамыр аралығында қашықтықтан оқу форматына көшіруді шештік",-дейді облыстық білім басқармасының басшысы Гүлнәр Сәдуахасова.