Қостанай іргесіндегі Заречный кентінде өрт шығып, екі баспана жанып кетті. Тал түсте тұтанған жалын келесі үйге де лап берген. Зейнеткер Орынбасар Оспанова қас-қағым сәтте қорадағы қой-сиырынан қол үзіп, баспанасыз қалды.
Орынбасар ОСПАНОВА, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:
Осы шиенің ағашының іші жанды.Сосын біздің тақтайларға тиді,сосын машинаға, үйге ұласты. Жағалай звондадым.Алмайды ешкім телефонды. Сосын сасқанымнан Разияға хабарластым пожарныйға звонда деп.
Қызыл жалынға оранған баспананың бірі әлі салынып бітпеген көрінеді.Сондықтан өрт шыққан кезде үйде ешкім болмапты. Мамандар тілсіз жаудың неден тұтанғанын анықтауға кірісті. Өрт сөндіру кезінде 3 газ баллоны жарылған.
Әбіл ОРАЗОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Зардап шеккендер жоқ. Отпен абайсыз болудан өрт шықты деген алдын ала болжам бар.Арнайы мамандар тергеу-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.Соның қорытындысына сәйкес нақты белгілі болады.