Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Қызылордада бір адам төбелес кезінде алған ауыр дене жарақатынан көз жұмды

Қызылордада бір адам төбелес кезінде алған ауыр дене жарақатынан көз жұмды

Қызылордада екі адам төбелесіп, біреуі көз жұмды. Олар өзара жанжалдасқан. Келіспеушілік керіске ұласып, 42 жастағы қала тұрғыны ауыр соққы алып, жансақтау бөліміне түскен. Өкінішке қарай, оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. Күдікті көп ұзамай қолға түсті.

Ғалымжан ТАБЫНБАЙ, ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ТЕРГЕУШІСІ:

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 106-бабының 3-бөлігімен тіркелген. Бұл дерек бойынша қылмысқа қатысы бар 38 жастағы Қызылорда қаласының тұрғыны ұсталып, қазіргі таңда Қызылорда қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау абақтысына оқшауландырылды.