Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Зорлық-зомбылыққа ұшыраған жасөспірімдердің ата-аналары дабыл қағуда

25.04.2023ж. 20:00
945
Зорлық-зомбылыққа ұшыраған жасөспірімдердің ата-аналары дабыл қағуда

"Қызды қырық үйден тый". Түсінгенге астарында үлкен мән жатыр. Тіпті туған-туыстың да үйіне түнетпеу керек. Түздегі әрекетін бақылай алмайтының анық қой. Қиылып сұранса да қарсы болған жөн. Достарына сеніп, отырыстарға барып, опық жеп қалғандар аз емес. Он екіде бір гүлі ашылмаған қыздары арынан айырлып, етегі жасқа толған аналар Алматыға жиналды.

Есімін атамауды өтінген келіншектің 15 жасар қызы зорлық көрген. Кесте тігерін қатарластары қызықты ойын ойнаймыз деп алдап, үйлеріне шақырған. Арты опасыздықпен аяқталған. Қиналған қызын жауыздық жасағандардың қолынан әрең алып шығыпты. Денсаулығы сыр беріп, қазір жиі талып қалады, дейді анасы.

Зорлап тастаған қызымды. Қызым жылапты менің жасым 15-те маған тиіспе, өтініп сұрадым дейді. "Заткнись и молчи" депті. Сол кеште зорланған қыз жалғыз ол емес. Әңгімелерін сұрасаң жастардың Тараз қаласындағы ойыны. Іс жүріп жатқан кезде оған әлеуметтік желіде аккауынттар белгісіз қыз балалар шығады. Сен тыныш өмір сүре алмайсың, шешеңе де айт, ауыздарыңды жабыңдар деген сиқты қайта-қайта.

Алматы қаласының тұрғыны Айнагүл осыдан бір жыл бұрын жалғыз қызын соңғы сапарға шығарып салды. Қызғалдағының көзі тірі болғанда 17-ге толар еді. Анасы қылмыскерлердің бостандықта тайраңдап жүргеніне күйінеді.

Айнагүл БЕЙІСОВА, ТҰРҒЫН:

Бұл орны толмас қайғымен өмір сүріп келе жатқаныма бір жыл болды. Менің қызымды екі кісі өлтірді. Куәгерлер де дәл осылай айтты. Олар қызымның соңғы сөзі мен жәбірленушілерді естіген. Осының бәріне қарамастан жауаптылар маған туған қызымды суицид жасауға апардың деген айып тақты.

Балаларымызды қорғайтын заң өте әлсіз дейді мамандар. ЮНИСЕФ-тің дерегіне сүйенсек, елімізде күн сайын 5-6 бала зорлық-зомбылыққа ұшырайды. 2021 жылы балаларға қатысты 2088 қылмыс тіркеліп, оның 913-і жыныстық сипатта болған.

Гүлнәр ЖУАСБАЕВА, ЗАҢГЕР:

Баларға қарсы зорлық-зомбылық қылмысына қатысты жұмысымыз 1 жыл немесе одан да көп уақытқа созылуы мүмкін. Егер клиент барлық жігерімен күресуге дайын болса, біз ешқашан бас тартпаймыз. Кеңес береміз, істе сотқа жеткізуге тырысамыз.

Халида ӘЖІҒҰЛОВА, АЛМАТЫ Қ. БАЛАЛАР ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛ:

Өкініштісі елімізде қазіргі таңда балаларға қарсы зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін ешқандай жұмыстар жүргізіліп жатқан жоқ. Көбінде біз балаға зорлық жасалғаннан кейін ғана қылмысты әшкерелеп жатамыз. Міндетті түрде резонанс тудыру керек секілді.

Зардап шеккен жеткіншектердің ата-аналары жауаптылар тиісті шаралар жүргізіп, әділетті шешім қабылдайды деп үміттенеді.