Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

"Ота жасайды": актриса Жұлдызай Дүйсенбиева ауруханаға түсті

AstanaTV
28.04.2023ж. 12:03
1916
"Ота жасайды": актриса Жұлдызай Дүйсенбиева ауруханаға түсті

Отандық актриса Жұлдызай Дүйсенбиева ауруханаға түскенін мәлім етті. Өнер иесі Instagram парақшасында өзіне ота жасалатынын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Не болып кетті? Қашан жазыламын? Қысқасы, ота жасайтын болды. Аллаға тәуекел, дұғада болыңыздар", - деп жазды Жұлдызай Дүйсенбиева.

Естеріңізге сала кетейік, былтыр актриса қалың көпшілікке жан сырын ақтарып, өзінің айықпас дертке шалдыққанын айтқан болатын. Актрисаның сөзінше, аталмыш дерттің емі жоқ. Ол тіпті сырқаты салдарынан ұшаққа отырмауға тырысады.

"Миллионның бірінде болатын сырқат. Қандай да секундтар жүрегімнің соқпай қалатын кезі болады. Сондықтан маған ұшаққа көп отыруға болмайды. Ол емделмейді, менімен бірге кететін сырқат. Аса қауырт болмаса, ұшаққа мінбеймін. Ал енді қауырт кезде ұшаққа мініп, иманымды үйіріп, мінгеннен сүрелерді оқимын. Түскенше ешкіммен сөйлеспеймін, теледидар да көрмеймін, тамақ та ішпеймін", - деді актриса.