Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қырғыз басшысы Мәскеуде ем алмақ

AstanaTV
26.09.2016ж. 20:00
2120
Қырғыз басшысы Мәскеуде ем алмақ

Мәскеуде ем алып жатқан Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың жағдайы жақсарып келеді. Бұл жөнінде Қырғызстанның Ресейдегі елшілік қызметкерлері хабарлады.

Айта өтейік, Алмазбек Атамбаев бұған дейін де Ресей дәрігерлердің бақылауында болатын. Сондықтан осы жерде ем жалғастыруын қалады, - дейді елші Гулбарчын Байымбетова. Алайда, ем қашанға дейін жалғасатынын нақты айта алмады.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Алмазбек Атамбаев денсаулығына байланысты 1 қазанға дейін демалысқа шыққан. Қырғыз көшбасшысы  БҰҰ Бас Ассамблеясының жиналысына қатысу үшін Нью-Йоркке жолға шыққан. Алайда Түркия аумағында жүрегі ұстап, оған шұғыл медициналық көмек көрсетілді. Жақында Мәскеудегі Президент істері басқармасына қарасты орталық клиникалық ауруханасына жеткізілген болатын. 

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА