$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қостанай облысында егіз бала қаза тапты

AstanaTV
28.04.2023ж. 21:17
1364
Қостанай облысында егіз бала қаза тапты

Қостанай облысындағы тұрғын үйде егіз бала қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, қайғылы оқиға Ершовка ауылында 27 сәуірде кешке болған.

5 шаршы метр аумақта ас үй бөлмесіндегі жиһаз жанған. Төрдегі өрт орнында 2020 жылы туған екі егіз баланың денесі табылған. Оқиға туралы жұмыстан оралған отбасының әкесі хабарлаған.

Енді құтқарушылар қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

"Өрттің болжамды себебі - электр желісіне қосылған электр жылытқышының қысқа тұйықталуы. Балалардың қаза табуының алдын ала себебі - көміртегі тотығымен улану", - делінген хабарламада.