Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

«Мультфильмдердің де балаға кері әсері болуы мүмкін», - психолог

28.04.2023ж. 20:00
2021
«Мультфильмдердің де балаға кері әсері болуы мүмкін», - психолог

Ел болам десең, экраныңды түзе. Жаһандану заманында түрлі анимациялық мультфильмдер балаңыздың жүйке жүйесін тоздырып, ақыл-ойының дамуына кері әсер етуі мүмкін! Психологтар біраздан бері осылай деп дабыл қағып жүр. Бірақ оған құлақ асып жатқан жан бар ма өзі? Балалар қазір теледидарға ғана телміріп отырған жоқ, ғаламтор бетін емін-еркін аралайды. Ал сіз оны қадағалап отырсыз ба? Балаңыз не көріп жүр?

Дәрібек БАХЫТБЕК, ТІЛШІ:

Бәріміз де дәл осылай теледидардың ішіне кіріп кетердей боп отыратын едік. Бірақ ол кезде қазіргідей емес, санаулы ғана туында болатын. Оның уақытын жіберіп алмауға тырысатынбыз. Ал қазір ше, бәрі басқаша, кез-келген тақырыпта, кез-келген жанрдағы мультфильмге таңдау бар. Көңілің қайсысын қалайды, тауып ал да, көре бер.

Сірә, бұл мультфильмді білмейтін бала жоқ шығар. Әсем Молдаева да бүлдіршіндерінің осы анимациялық туындыға байланып қалғанын айтады. Тіпті тыныш отырып тамағын тауысып жеуі үшін, амал жоқ кейде осының көмегіне жүгінетінін де жасырмайды.

Әсем МОЛДАБАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Қазіргі таңда енді ютубты жаулаған ағылшынша мультфильмдер бар. Түрлі түрдегі мультфильмдер бар соларды қарайды. Ал, қазақша мультфильмдерге онша көңіл аудара бермейді. Бірақ сол мультфильмдер ағылшынша болса тілінде сөйлейді олар. Бір-бірімен ағылшынша сөйлеуге тырысады. Орысша сөйлеседі көбіне.

Психологтар, міне, осыдан қорқып отыр. Балалар дүбара болып қала ма дейді. Әр тілді шұбарлап шүлдірлеп жүргендер көп. Және мультфильмнен көргенін сәби айнытпай қайталағысы келеді, іс-әрекетті, дыбыстарды, естіген-көргендерінің барлығын да толықтай санасына тез сіңіріп алады.

Балабек САҚТАҒАНОВ, ПСИХОЛОГ:

Анализ жасауға мүмкіндік жоқ балаларда, әрине, бұл бейсаналы түрде адам өскеннен кейін осы уақыттарда балалардың бойында негативті қарым-қатынас. Ол негативті қарым-қатынас дұрыс сияқты көрінуі бұның бәрі олардың санасына біртіндеп өмірбойы сіңе береді. Кейіннен қоғамда төбелеске бейім. Агрессиясы жоғары, буллинг жасаса біреу қызық көретіндей ұрпақ тәрбиесіне әкелуіміз мүмкін.

Анимациялық мультфильмдердің бала психологиясына кері әсер ететінін көп адам бірақ, біле бермейді. Білсе де тыйым салмайды.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Россияның Фик-сикиін көрді. Сосын Синий тракторды көрген. Маша и Медведь, Шрек дегенді көрді.

- Маша и Мевдедь, Спанч боб, бәрін қарайтын. Бұларға қарап өзін жаттап алдық ғой сериялардың бәрін.

Балалар неге отандық мультфильмдерді көрмейді? Қазақ мультипликациясы неден мүдірді? Мамандар мұны қаржының аздығымен байланыстырады. АҚШ «Мадагаскар» мультфильміне 75 миллион АҚШ долларын бөлсе, «Рапунцель» анимациялық киносына 260 миллион доллар қарастырылған. Сондай-ақ, сценаристерге мән берген жөн.

Әбдіқадыр САБЫР, РЕЖИССЕР, СЦЕНАРИСТ, МУЛЬТИПЛИКАТОР, АНИМАТОР СУРЕТШІ:

Бізге арнайы мемлекеттік бағдарлама керек. Ол тек ғана мамандардан құралған мультфильм салатын мамандардан құралмау керек. Бұл міндетті түрде психологтардан тұру керек. Бұл жерде социологтардан тұру керек. Педагогтар бар, тарихшылар бар, фольклоршылар бар, осы мәдениет танушының адамдары бар. Міне, осы саланың адамдарының барлығын қамти отырып сценарийді талқылау керек.

Әр ата-ана баласының қандай фильм немесе мультфильм көретінін қадағалап, оның мазмұнына мән беру қажет. Бірге көріп, сол мультфильмге талдау жүргізген абзал дейді мамандар.