Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Елімізде алғаш рет аутизм дертіне шалдыққан балалаларға арналған спорттық құзға шығу фестивалі өтті

28.04.2023ж. 20:00
957
Елімізде алғаш рет аутизм дертіне шалдыққан балалаларға арналған спорттық құзға шығу фестивалі өтті

«Шекарасыз шыңдар». Осындай атаумен елімізде алғаш рет аутизм дертіне шалдыққан балаларға арналған спорттық құзға шығу фестивалі өтті. Жарысқа 8 бен 12 жас аралығындағы 8 жеткіншек қатысып, бақ сынады. Бұл ерекше бүлдіршіндер үшін маңызды шара. Олардың өмірге бейімделуіне, логикалық ойлау қабілетінің дамуына оң ықпал етеді. 12 метр биіктікке шығу барысында балалардың ептілігі, жылдамдығы мен ерік-жігері сыналды. Межеге жетіп, тапсырманы мүлтіксіз орындағандар арнайы сыйлыққа ие болды. Шараны «Qadam Special School» және «Autism Qadam» қорлары ұйымдастырған.

Жұлдыз СЕРІКҚЫЗЫ, ШАРАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ:

Аутизмге шалдыққан балалардың әр түрлі ерекшеліктері бар. Мысалы дауысты немесе көпшілікті ұнатпайтын дегендей. Сондықтан да дайын деп есептеген бір жылдан астам осы секцияға қатысқан балаларды ғана қатыстырып отырмыз.