Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Мәжіліс төрағасы ТүркПА-ның ХІІ пленарлық отырысына қатысты

28.04.2023ж. 20:00
706
Мәжіліс төрағасы ТүркПА-ның ХІІ пленарлық отырысына қатысты

Энергетика, көші-қон және азық-түлік. Бұл түркі мемлекеттері үшін өзекті мәселе. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Түркияда өткен Парламенттік Ассамблеясының 12-ші пленарлық отырысында осы тақырыптарды жан-жақты талқылау үшін халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастыруды ұсынды. Жиында ұйымға мүше елдер бас қосып, түркі дүниесінің келешегіне қатысты маңызды мәселелерді ортаға салды. Мәжіліс спикері Қазақстан Түркі әлемінің қара шаңырағы ретінде түркі интеграциясының одан әрі дамуын қолдайтынын мәлімдеді. Сондай-ақ, өзара сенім мен достыққа негізделген ынтымақтастықтың арқасында түркі халықтарының бірлігі нығайып, дүниежүзілік қоғамдастықта беделі артып келе жатқанын атап өтті.

Ерлан ҚОШАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Біздің мемлекет басшыларымыз Түркі әлемінің даму жолында шексіз үлес қосып келеді. Осыдан бір жарым ай бұрын Анкарада Түркі мемлекеттер ұйымының кезектен тыс саммиты өтті. Онда көшбасшылар біздің бауырлас елдеріміз арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға бағытталған маңызды шешімдер қабылдады. Осыған орай құрметті әріптестер өз тарапымыздан парламент аралық іс-қимыл арқылы біздің Президенттеріміз бастаған мемлекет аралық қатынастардың қарқынына ілесе білуіміз керек. Түркі халықтарының бірлігі нығайып, дүниежүзілік қоғамдастықта мәртебелі орын алатынына кәміл сенемін.