Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Алматыда кәсіпқой бокс кеші өтті

AstanaTV
26.09.2016ж. 20:00
3051
Алматыда кәсіпқой бокс кеші өтті

Астанада «Нұр Отан» партиясының «Бірлік» филиалы дәстүрлі спартакиадасын өткізді. Оған 26 партия бөлімі қызметкерлері, ұзын-саны мыңға жуық адам жиналған. Таңғы 9-дан бастап астаналық велотрек маңында бас қосқан партиялықтар, бұл доданы асыға күтетіндерін айтады. Себебі осындай игі шаралар нұротандықтардың қызметте жетістікке жетіп, бірлігінің нығайюына, ал жалпы елімізде спортты қолдауға өз септігін тигізеді, дейді ұйымдастырушылар. Бәсеке негізінен 4 бірдей спорт түрінен, яғни шахмат, үстел теннисі, волейбол мен мини-футболдан өткен. Биылғы «Бірлік» филиалы төрағасының кубогын «Мәдениет» партия бөлімі еншіледі.

Арман Евниев, «Нұр Отан» партиясы «Бірлік» филиалының "ҚазАгро" бастауыш партия ұйымының төрағасы:

Менің негізгі тапсырмам - ұжымды жетістікке дайындап, түйінді мәселелерге бірлесіп шешім іздеу. Осы орайда бүгінгі сияқты іс-шаралар бірлігімізді арттырып, бір бірімізді терең тануға жол ашады. Тіпті алаңда сөйлесіп жататын уақыт жоқ, тез арада шешім қабылдау қажет.



Ал Алматыда сенбі күні өткен кәсіпқой бокстан қазақстандық спортшылар жоғары нәтиже көрсетті. «Нұр Отан» партиясының қолдауымен өткен спорт кешінде ринг төріне шыққан боксшылардың ішінде Иса Ақбербаев пен оның қарсыласы неміс Майкл Курцвейл кездесуін ел асыға күткен болатын. Абырой болғанда, IBO чеммпионы  Global Boxing Council тұжырымы бойынша кезекті чемиондық атақты алғашқы раундта-ақ қорғап қалды. Ол жекпе-жектің бірінші кезеңінде еуропалық қарсыласын нокаутқа түсірген. Сөйтіп, кәсіпқой бокс алаңыда өзінің 18-ші жеңісіне қол жеткізді. Бокс кешінде сондай-ақ өзге де жерлестіріміз тамаша ойын өрнегін көрсетті. Қазақ қыздарының ішінен шыққан тұңғыш кәсіпқой боксшы Фируза Шәріпова да жеңіс тұғырының биік сатысынан көрінді. Кешті ұйымдастырушылар, мұндағы басты мақсат - жастарды спортқа қызықтырып, тарту болатын, дейді.

Шавкат Умаров, Алматы қалалық мәслихатының депутаты, «Нұр Отан» партиясының мүшесі:

Бүгінгі турнир ҚХА «Нұр Отан»  париясының қолдауымен өткізіліп жатыр. Өте жақсы бокс көріп, оның қандай дәрежеге жеткенін көріп отырмыз. Мұндай турнирлар жастардың спортқа деген қызығушылығын көтеру үшін керек.