Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Сағынтаев Алматы облысында өлтірілген ағайындылардың оқиғасына қатысты пікір білдірді

AstanaTV
27.09.2016ж. 20:00
2069
Сағынтаев Алматы облысында өлтірілген ағайындылардың оқиғасына қатысты пікір білдірді

Алматы облысында мал саудасымен айналысқан үш ағайындының өліміне қатысты істі Ішкі істер министрі өз бақылауына алсын. Бүгін Үкімет отырысында премьер-министр Қалмұхамбет Қасымовқа осындай тапсырма жүктеді.

Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-министрі:

Қазір ақпарат беттерінде, халық арасында Алматы облысында болған жан түршігерлік қылмыс көп айтылып, талқыланып жүр. Қазір біз біліп отырмыз, қылмыскерлер ұсталды. Қажетті тергеу шаралары жүріп жатыр. Осыған байланысты халықтың алаңдаушылығы көп болғандықтан, қысқаша мәлімет беріп өтсеңіз.

Сөз алған министр 20 қыркүйекте үш азаматтың жоғалуына байланысты арыз түсіп, Алматыға  мал сатуға барған саудагерлерді Жамбыл ауданының азаматтары алдау арқылы өлтіргенін мәлімдеді. Бүгінде 41 ірі қара малдың 36-ы тәркіленген.

Қалмұханбет Қасымов, ҚР Ішкі істер министрі:

Қылмыскерлер ұсталып, олардан қару алынды. Күдіктілер өз еркімен тергеу органдарына жәбірленгендердің мүрделерін көмген жерді көрсетті. Қазір тиісті сараптамалар жасалып жатыр. Бүгін жерлеу рәсімі өтті. Тергеуді Алматы облысының ІІД өз қарауына алды. Жақын уақытта тергеу амалдары аяқталып, істі сотқа өткіземіз.