Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Бибісара Асаубаева әлемдік рейтингтің үздік бестігіне енді

AstanaTV
02.05.2023ж. 09:17
1180
Бибісара Асаубаева әлемдік рейтингтің үздік бестігіне енді

19 жастағы қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева әлемдік рейтингтегі позициясының артқанын мәлім етті, деп хабарлайды Астана телеарнасы агенттігі Sports.kz-ке сілтеме жасап.

«Соңғы турнирлерді есептей келе, мен блиц бойынша әлемнің ең үздік шахматшылары арасында үздік бестікке ендім», - деп жазды Ассаубаева Instagram парақшасында.

Еске салайық, Бибісара блиц бойынша екі дүркін әлем чемпионы атанды. Жақында Нью-Делиде (Үндістан) өткен Гран-приде Асаубаева үздік үштікке еніп, Қазақстан мен әлем құрамалары арасындағы матчта әлемнің төрт дүркін чемпионы әрі ФИДЕ рейтингінің әйелдер арасындағы көшбасшысы, қытайлық Хоу Йифанды сенсациялық түрде ұтып кетті.

Бибісара артынша шахматтан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері атанғанын жариялады.