Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Ақтөбедегі лаңкестер тізіміне негізсіз енген Қожаниязовтардың ісі уақытша тоқтатылды

AstanaTV
27.09.2016ж. 20:00
2430
Ақтөбедегі лаңкестер тізіміне негізсіз енген Қожаниязовтардың ісі уақытша тоқтатылды

Ақтөбедегі лаңкестікке қатысы бар күдіктілердің тізіміне ілігіп кеткен Қожаниязовтарға қатысты іс уақытша тоқтатылды. Бұл жайында арнамызға облыстық соттың баспасөз хатшысы Илиада Досова айтты. Ағайынды Қожаниязовтар облыстық ішкі істер департаменті мен жергілікті баспананың бірін дәйексіз дерегі үшін сотқа берген болатын.

Илиада Досова, Ақтөбе облыстық сотының баспасөз хатшысы:

Ақтөбе қалалық сотының 26 қыркүйек 2016 жылғы ұйғарымына сәйкес, аталмыш іс бойынша маңызды мән- жайларды дұрыс анықтау үшін, сот психолого-филологиялық сараптамасы тағайындалды. Іс жүргізу өндірісі сараптама жүргізу аяқталғанға дейін тоқтатылды.

Естеріңізге сала кетсек, маусымның 5-і күні лаңкестер қару-жарақ дүкені мен әскери бөлімге шабуыл жасаған болатын. Сол күні ылаң салған 19 лаңкестің тізімнен негізсіз табылған ағайынды Қожаниязовтар арын ақтау мақсатында фемида өкілдеріне жүгінген болатын. Олар жауапкердің әрқайсысынан 10 млн теңгеден талап етіп отыр.

Мансұр ЕСХОЖИН