Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Астанада 3 жасар бүлдіршінге бірегей операция жасалды

02.05.2023ж. 20:00
1379
Астанада 3 жасар бүлдіршінге бірегей операция жасалды

Астанада 3 жасар бүлдіршінге бірегей операция жасалды. Ол туа біткен сколиоздың ауыр түріне шалдыққан. Омыртқаны түзету үшін титан металл конструкциясы орнатылды.

Ерасылдағы омыртқа патологиясын дәрігерлер анасының құрсағында жатқанда анықтапты. Бала өмірге келгеннен кейін ата-анасы түрлі тексерістерден өткізіп, ота жасауға келісім берген.

ДАМИР, ЕРАСЫЛДЫҢ ӘКЕСІ:

Біз дәрігерге бардық, дәрігер дер кезінде ота жасау керек деді. Себебі, үлкейген сайын ол өсе береді. Ішкі құрылысына әсер етеді. Сондықтан біз дер кезінде операцияға келдік.

Операция барысында отандық өндірістің алғашқы металл конструкциясы қолданылды, ол ерте жастағы науқастарда омыртқаның деформациясын түзетуге арналған. 2 жыл өткен соң, металл құрылымды алып тастауға болады және бала толыққанды белсенді өмір сүре алады-дейді дәрігерлер.

Сергей ВИССОРИОНОВ, «ТУРНЕР» АТЫНДАҒЫ БАЛАЛАР ТРАВМАТОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ОРТОПЕДИЯСЫ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Біз қазір артық омыртқаны алып, орнына балаларға арнап жасалған металл-конструкциясын қоямыз. Бұл туа біткен омыртқадағы олқылықты жояды.

5 күннен кейін Ерасыл аяғынан тұрып, жүре бастайды, омыртқа бағанының жаңа жағдайына бейімделеді. Ал 7-10 күннен кейін үйге шығады.

Арман БАТПЕН, Н.Д. БАТПЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫС ЖӘНЕ СТРАТЕГИЯ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ:

Конструкция баланың өсуіне мүмкіндік береді. Бұл денеге әсер етпейді және құрылым өсуге ықпал етеді және бірнеше жылдан кейін біз құрылымды ауыстырудың, басқа құрылымды қоюдың қажеті жоқ екенін көреміз. Пациенттің өсуіне байланысты пластинка өзгереді.

Жыл сайын елімізде омыртқа патологиясымен 43 мыңға жуық операция жасалады. Оның 83 проценті - балалар мен жасөспірімдер.

Сейдалы ӘБДАЛИЕВ, Н.Д. БАТПЕНОВ АТЫНДАҒЫ «ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ» БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ:

Дүниежүзілік статистикада омыртқаның тума патологиялары 3-11 процент кездеседі. Мұндай балаларға 6 айдан бастап операция жасалады. Бұл ота қанша ерте жасалса, соншалықты дұрыс болады.

Жаңа туған шақалақтарда да омыртқа ауруы болады дейді мамандар. Бұл қазір жаһандық проблемаға айналған. Жүктіліктің алғашқы 4 айында сыртқы және ішкі факторлар балаға қатты әсер ететін көрінеді.