Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Алматы тұрғындары сегіз ұлттық асхананың тағамдарынан дәм татты

02.05.2023ж. 20:00
675
Алматы тұрғындары сегіз ұлттық асхананың тағамдарынан дәм татты

Алматы тұрғындары сегіз ұлттық асхананың тағамдарынан дәм татты. Ерекше жәрмеңкені «AMANAT» партиясы ұйымдастырды. Мегаполис тұрғындары тағамнан дәм татып қана қоймай, оның шығу тарихын біліп, әр халықтың мәдениеті мен дәстүрімен танысуға мүмкіндік алды. Ал мерекелік көңіл-күйді көтеру үшін аманаттықтар концерттік бағдарлама мен спорттық жарыстар ұйымдастырды.

Асылы ОСМАН, ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Тағамды дайындауы, әкелуі, қоюлары, барлығы өз ынта, ықылас-ниеттерімен. Мұның барлығы бізді бірлікке, достыққа, ынтымақтастыққа, түсіністікке баулитын дүние болып отыр. Сондықтан мен мұндай іс-шараларды ерекше бағалаймын. Мұндай шаралардың көп болғаны жақсы.

Жәрмеңкені партиялықтар мүгедек балаларға көмек көрсету үшін қаражат жинау мақсатында ұйымдастырды. Сондықтан алматылықтар барлық тағамдарды ең төменгі бағамен сатып алды. Жиналған сомаға ұйымдастырушылар мүмкіндігі шектеулі жандарға киім-кешек, төсек-орын жабдықтары және тұрмыстық заттар сатып алуды жоспарлап отыр.

Әйгерім МҰСТАФАЕВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Аудандық филиалдар әр түрлі ұлтты көрсетіп, солардың тамақтарын әкелді. Енді соны біз 50 теңгеден 250 теңге шамасында сатып, «Тағдыр» деген балаларға арналаған ұйымға бүкіл жиналған ақшаны жібермекшіміз.