Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

«Әскер мен спорт - егіз ұғым», - аға атқыш А. Азатбек

02.05.2023ж. 20:00
1310
«Әскер мен спорт - егіз ұғым», - аға атқыш А. Азатбек

Ұлттық Ұланның Қарағандыдағы 6505 әскери бөлімінің аға атқышы, ефрейтор Айбаба Азатбек - мықты спортшы. Ол қоян-қолтық күрес, самбо, қазақша күрестен спорт шебері, халықаралық сайыстардың жүлдегері. Сегіз қырлы бір сырлы жігітпен тілшіміз Айжан Қуаш сұқбаттасты.

30 жастағы Айбаба Азатбек Калашников автоматын жинаудан басқа да әскери әдіс-тәсілдерді жетік меңгерген. Ол денешынықтыру мамандығын оқып тәмәмдаған соң, әскер қатарына қосылған. 8 жылдан бері спорт пен армияны қатар алып келеді.

Айбаба АЗАТБЕК, «ОРТАЛЫҚ» ӨҢІРЛІК ҚОЛБАСШЫЛЫҒЫ 6505 ӘСКЕРИ БӨЛІМІ 1-АТҚЫШТАР БАТАЛЬОНЫНЫҢ АҒА АТҚЫШЫ:

Ер азамат үшін спорт ол адамның іштей мінезін оятады, төзімділікке үйретеді. Қиындыққа шыдайға үйреді. адамды жақындастырады.

Айбаба Азатбекті 9 жасында марқұм спортшы әкесі қазақша күреске жетелеп әкелген. Содан бері алған медальын санамапты. Үйдегі екі қызым мойындарына тағып ойнайды деп күледі. Алайда әр марапаттың артында үлкен еңбек жатқаны анық.

Айбаба АЗАТБЕК, «ОРТАЛЫҚ» ӨҢІРЛІК ҚОЛБАСШЫЛЫҒЫ 6505 ӘСКЕРИ БӨЛІМІ 1-АТҚЫШТАР БАТАЛЬОНЫНЫҢ АҒА АТҚЫШЫ:

Физикалық дайындық ол өте маңызды роль атқарады. Себебі біз әр түрлі санаттағы сотталғандарды тасимыз. Бір ретте сот отырысы барысында өмір бақиға сотталған бір сотталушы өзіне қол жұмсамақ болды, сол кезде біз осы күрес әдістері арқылы тоқтаттық.

6505 әскери бөлімінің жауынгерлері мен әскери қызметкерлеріне сотталғандарды тасымалдау, сот процесінде күзету, жалпы түзету мекемелері мен қоғамдық тәртіпті бақылау жүктелген. Командирлер қазақ әскері сапында Айбаба секілді азаматтардың күн санап көбейіп жатқанына қуанады. Бүгінде жүзден астам спорт шеберіне кандидат және 20 дан астам спорт шебері бар.

Бақтияр ӨТЕУЛИЕВ, «ОРТАЛЫҚ» ӨҢІРЛІК ҚОЛБАСШЫЛЫҒЫ 6505 ӘСКЕРИ БӨЛІМІ ТӘРБИЕ БӨЛІМШЕСІ БАСТЫҒЫНЫҢ АҒА КӨМЕКШІСІ:

Біздің Ұлттық Ұлан әскерлері жауынгерлік қызметті орындаған уақытта тек қана қарумен ғана емес жеке ұрыс, қоян- қолтық күрес тәсілдерін қолданамыз егер заңсыз әрекеттер болып жатса. Әскери қызметшіміз Айбаба біздің әскери бөлімде өзінің тәртібі болсын дене даярлығы болсын, спортта болсын үздік көрсетіп келеді.

Айбаба АЗАТБЕК, «ОРТАЛЫҚ» ӨҢІРІЛІК ҚОЛБАСШЫЛЫҒЫ 6505 ӘСКЕРИ БӨЛІМІ 1-АТҚЫШТАР БАТАЛЬОНЫНЫҢ АҒА АТҚЫШЫ:

Отан қорғау әрбір ер азаматтық конституциялық борышы, міндеті, біріншіден. Екіншіден, ер азамат болғаннан кейін еліне қызмет ету керек. Патриоттық сезім болу керек іште, пайдасы тию керек, келіп сапқа тұру керек өте үлкен дәреже түсінген адам үшін.