Астанада
сапалы сериалдық контент жасау тақырыбы бойынша арнайы тәжірибелік семинар өтіп
жатыр. Аталған жобаға Корея институтының продюсерлік және режиссура шеберлігі
бойынша білім беруші мамандары шақыртылған. Іс-шараға қатысуға республикалық
телеарналардың қызметкерлері қатысты. Телевизия саласында көпшіліктің қызығушылығына ие болумен бірге,
түпкі идеясын да жоғалтпайтын жобалар құнды. Сонымен қатар, халықтың
тұрмыс-тіршілігі мен әдет-ғұрпын да естен шығармаған жөн. Мысалы, еуропалық
көрермен мен азиялықтардың сұранысы ұқсамайды. Күн шығыс елдері көбіне отбасы,
бақыт пен болашаққа ұмтылыс, күнделікті өмірдің қыр-сыры жайында түсірілген
көркем шығармаларды жақсы қабылдайды, - дейді корейлік продюсер.
Жанг
Тэ Ёң, бағдарламаларды дамыту саласының продюсері:
Қазіргі
таңда кино индустриясы жедел дамуда. Фильмнің негізгі мақсаты - ой салу,
тәрбиелеу құралы. Бірақ бұл нарықта халықтың сұранысы мен бәсекелестіктің
артуы режиссерлерге бір сәт отырып ойлануға мұрша бермейді. Сондықтан
түсірілімнің мәселесі алдыңғы қатарға шығып, түпкі ой тасада қалады. Соның
кесірінен мән жоғала бастайды. Бұл жақсы үрдіс емес. Бағыты бұлыңғыр саланың
түбі жақсы болмайды. Қазақстандық сериалдардың өз нарығын қамтуға жасап
жатқан жұмыстары жаман емес. Тек осы бәселекестік пен сапаның, яғни идеяның
таразысын тең ұстаса ұтылмайды.