Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Маңғыстау облысында онкологиялық ауруға шалдыққандар саны көбейіп барады

AstanaTV
27.09.2016ж. 20:00
2542
Маңғыстау облысында онкологиялық ауруға шалдыққандар саны көбейіп барады

Маңғыстаулық  дәрігерлер онкологиялық ауруға шалдыққандар саны көбейіп жатқандығын айтады. Тек бір күннің ішінде 6 адамнан қатерлі  ісіктің белгілері анықталған. Облыстық онкологиялық диспансер  ұйымдастырған « ашық есік» шарасы барысында жүзге жуық қала тұрғыны қаралды. Мұндай игі шаралар қатерлі дертті ерте кезеңінде анықтауға мүмкіндік береді, - дейді дәрігерлер.  Оның үстіне аурудың бұл түрі жасарып барады. Өкінішке орай, дертке шалдықандар саны да азаймай отыр. Былтыр 6 айдың ішінде 460 науқас тіркелсе, биыл жарты жылда қаралған 617 адамнан ауру анықталды. Аймақтың 4 мыңнан астам тұрғыны онкологиялық тіркеуде тұр. Тізімнің басы сүт бездері, өңеш, асқазанның қатерлі ісігімен ауыратын негізінен әйелдер. Ал, еркектер арасында өкпе және қуық бездерінің қатерлі ісігі белең алып отыр.

Жаңыл Жарылқасынова, Маңғыстау облыстық онкологиялық  диспансері директорының орынбасары:

Халықтың көп қаралғанына байланысты, алдағы біздің шаралар - ол біздің әйел азаматы жұмыс жасайтын мекемелерге біздің мамандар шығып, тексеріс жүргіземіз, деп ойлаймыз. Бүгінгі таңда есепте тұрған аурудың саны осы қатерлі ісікпен -3232.