Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Қазақстанда доллар бағамы төмендеді

AstanaTV
02.05.2023ж. 22:16
774
Қазақстанда доллар бағамы төмендеді

Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 4,06 теңгеге төмендеп, 449,15 теңге болғанын мәлімдеді.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы Алматы уақыты бойынша сағат 12:00-де төмендеп, 65,41 теңге (-0,40) болды.

Еуро бағамын Ұлттық банк 498,18 теңге, рубль бағамын 5,63 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 448,5-451,5 теңге, еуро 491-497 теңге, ресей рублі 5,4-5,6 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Мұнай бағасы тұрақты. Brent маркалы мұнайдың шілдедегі фьючерстерінің бағасы өзгеріссіз қалды (баррелі 79,31 теңге), WTI маусымындағы фьючерстері 0,04%-ға өсіп, 75,7 доллар болды.