Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Орал тұрғыны 59 млн теңгенің темекі өнімдерін заңсыз сатумен айналысқан

AstanaTV
02.05.2023ж. 22:50
894
Орал тұрғыны 59 млн теңгенің темекі өнімдерін заңсыз сатумен айналысқан

Орал қаласының тұрғыны құны 59 млн теңге тұратын темекі өнімдерін заңсыз сатумен айналысқан.

БҚО бойынша экономикалық тергеу департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, аталмыш тұрғын Алматыдан контрабандалық темекі өнімдерін тасымалдап, қала базарларындағы бөлшек сауда орындары арқылы сатқан.

«Тұрғыннан 100 мыңға жуық қорап темекі табылды. Ол қомақты көлемде акцизделетін тауарларды сақтау, тасымалдау және өткізумен байланысты кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған түрімен айналысқан. Заңсыз темекі өнімдерінің жалпы саны 93 мың қораптан асып, құны 59 млн теңгені құрады. Аталған дерек негізінде БҚО бойынша экономикалық тергеу департаменті қылмыстық істі аяғына дейін жеткізді. Сот аталған азаматты кінәлі деп танып, оған бір жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды, заттай айғақтар одан әрі шаралар қабылдау үшін сот орындаушыларына жіберілді», деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да 541 млн теңгеден астам залал келтірген қаржы пирамидасы бойынша тергеу жүріп жатқанын жазған болатынбыз.