Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Иракта түрмеге қамалған қазақстандық әйелдер аштық жариялады - СІМ

AstanaTV
03.05.2023ж. 12:01
820
Иракта түрмеге қамалған қазақстандық әйелдер аштық жариялады - СІМ

Иракта өмір бойына бас бостандығынан айырылған қазақстандық әйелдер аштық жариялаған. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ресми өкіл сөзіне сүйенсек, Бағдаттағы Русафа-6 атты түрмесіне қамалған шетелдік әйелдер аштық жариялаған. Олардың қатарында қазақстандықтар да бар.

“Осыдан бірнеше жыл бұрын Ирактан "Русафа" операциясы аясында бүлдіршіндер Қазақстанға жеткізілді. Алайда олардың аналары өмір бойына бас бостандығынан айырылып, Бағдат (Ирак) түрмесінде жазасын өтеп жатыр. Биыл 24 сәуірде Қазақстанның Иорданиядағы елшілігіне Ирак билігінің террористік ұйымның қызметіне қатысқаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы үкімге наразылық ретінде Бағдаттағы Русафа-6 атты түрмесінде отырған шетелдіктер – оның ішінде Қазақстан азаматтары да аштық акциясын бастағаны туралы хабарлама түсті”, - деді Айбек Смадияров.

Сондай-ақ ресми өкіл түрмедегі әйелдердің негізгі талабы өз елдеріне тезірек экстрадициялану.

Шетелдік БАҚ дерегіне сүйенсек, 2021 жылғы 19 наурыздағы мәлімет бойынша, "Русафа" түрмесінде шетелдік 494 әйел отыр. Олар Иракқа 18 елден келген.