Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Екі бала көз жұмды

AstanaTV
03.05.2023ж. 12:17
976
Екі бала көз жұмды

Шығыс Қазақстан облысында екі бала көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кешелі бері әлеуметтік желіде кәмелеттік жасқа толмаған екі баланың суицид жасағаны жайлы ақпарат тарап жатыр. 

Ведомствода екі баланың көз жұмғанын растады. Алайда өлім себебі нақты суицидтен болған-болмағанын полиция анықтайтынын жеткізді.

«Студент пен 6-сынып оқушысы көз жұмды. Оқиға сабақ уақытында емес, демалыс күні болды», - деді басқарманың баспасөз қызметінен.

ШҚО Полиция департаменті балалар өлімі фактісін растады. Бірақ өзге ақпарат әзірге жариялануға жатпайтынын мәлім етті.