Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Қарақшылар 9 жастағы туристі әуежайдан түсе сала атып өлтірген

AstanaTV
03.05.2023ж. 12:54
1058
Қарақшылар 9 жастағы туристі әуежайдан түсе сала атып өлтірген

9 жастағы балақай Нью-Йорктен Доминикан Республикасына бара сала қарақшылар қолынан мерт болды. Әуйежайдан түсе сала жалға алынған көлікпен қонақүйге бара жатқан жолда тонаушылар әкесімен отырған баланы атып тастаған. Бұл туралы жергілікті полицияға сілтеме жасап Fox News басылымы жазып отыр, - деп хабарлайды Tengritravel.kz.

Гиосер Луис Фелис атты балақай Сантьяго қаласына әкесімен бірге келіп, жалға алған көлікпен қонақүйге бет алған. Осы кезде олардың соңына қарақшылар түсіп, көлікті тоқтатып алмақ болған. Көліктің тоқтайтын түрі жоқ екенін аңғарған қылмыскерлер туристерге қарата оқ жаудырған. Оқ 9 жастағы балның басына тиіп, ол ауруханада көз жұмды.

Екі күннен кейін полиция алты күдіктіні ұстады. Олардың бірі марқұм баланың әкесі Серхио Луис Фелиспен таныс болған екен.

Бұл оқиғаға қатысты Доминикан Республикасының президенті Луис Абинадер де пікір білдіріп, мұны "адам айтқысыз қылмыс" деп атады.