Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Шетелдік көліктерді заңдастыру уақытын ұзартуды ұсынды

03.05.2023ж. 20:00
793
Шетелдік көліктерді заңдастыру уақытын ұзартуды ұсынды

Шетелдік көліктерді заңдастыру уақыты ұзартылуы мүмкін. Бүгін Мәжілісте осындай мәселе көтерілді. Депутат Наурыз Сайлаубайдың айтуынша, халық шетелдік машиналарды жылы жаңа, сапасы жоғары, бағасы да тиімді болғандықтан алады. Себебі, елімізде 30 жыл жүрген ескі көліктің құны шарықтап тұр. Ал өзімізден құрастырылғандары қарапайым тұрғындарға қолжетімсіз, бағасы сапасына сай келмейді. Шетелден ресми түрде сатып алайын десе, утилизациялық алым мен бастапқы тіркеу алымы көлік бағасынан да асады. Сондықтан азаматтарымыз әлі күнге дейін көрші елдерден көліктерді кіргізіп жатыр. Олардың саны күн сайын артып, алдағы уақытта тағы үлкен мәселеге әкеп соғуы әбден мүмкін,-деді депутат.

Наурыз САЙЛАУБАЙ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

2022 жылдың 1 қыркүйегінен кейін шетелде тіркелген көліктерді айдаған Қазақстан азаматтарына еліміздің шекарасына кіруге неге рұқсат берілді? Президент жолдауында заңсыз көлік әкелетін амал-тәсілдің бәріне тосқауыл қою үшін батыл шаралар қабылдау қажет деді. Сіздердің тарапыңыздан тосқауыл қою үшін қандай шаралар қабылданды? Шекарамыздан өткен шетелде тіркелген автокөліктердің қаншасы мемлекеттік тіркеуден өте алмады және олардың тағдыры не болмақ?