«Балам-балым, немерем-жаным». Үлкендер осы мақалды тәмсіл етіп, балаларының тұңғышын бауырына басады. Қанаттығы қақтырмайды, тұмсықтығы шоқтырмайды. Тәрбиесі, үйренері көп болады. Оған дау жоқ. Тек дүние есігін ашқаннан ата-әжесі бауырлап, бала қылғасын әке-шешесін мойындамайтыны қиын. Тұңғыш бала кімге тиесілі? Дәрібек Бахытбек көпшіліктің пікірін білді.
«Анашым. Осы сөзді өзіңізге айтсам ғой, шіркін. Әттең, жақындап еркелегім-ақ келеді. Бетіңізден сүйіп, құшақтап, мауқымды бассам. Бұл арман болып қала бере ма?»
Ананың алақанын аңсап жүргендер аз емес. Тіпті кемпір-шал дүниеден өтсе де өз туғанын құшақтап, әке-шеше дей алмайды. Айтқысы келгенімен қадам жасауға бір кедергі тұрады. Арлан да дәл осындай қиындықпен күн кешіп жүр. Атасы мен әжесі қатарынан кем қылмаған. Бірақ, аналық, әкелік махаббат жетіспейтінің жасырмады.
Арлан, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Иә, бұрын негізі ата-әжемнің қолыңда өскем. Бірақ қазір әкем мен анаммен тұрамын. Солардың қолындамын. Достарымның үйіне барған кезде мысалға олар ата-аналырмен еркелеп сөйлеседі. Ал өзім мысалға сондай еркелікке бара аламын ба? Өзім білмеймін.
Баланы ата-әжесінің бауырына басу дұрыс емес. Өйткені, баланың әкесі мен анасы арқылы әлемді танып, айналасына деген мейірімі оянады. Ал ата әжесінің қолыңда өскен немере еркін де, ерке де өседі. Сосын қоғамға сіңісе алмай, шеттетіліп қалатыны осыдан дейді қоғам белсенділері.
Айша ҚҰРМАНҒАЛИ, ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ:
Бұл қай жағынан болса да баланың тәрбиесіне кері әсер. Ата-әжесінің қолыңда болып үнемі қас қабағына қарап, сондай жағдайды көріп өскен бала оның еркелікті көріп өскен бала ойбай менің балама ешкім тиіспесің, менің балама ешнәрсе істетпендер оған қарсы келмендер осының бәрі баланың жанағы ыңжық болып ешнәрсеге икемсіз болып сәл бір өмірде қиындық келсе, немесе біреуден бір қатты сөз естісе бірден жанағы сағы сынып өзінің бір тұлға болып қалыптасуына кері әсер етеді.
Ата-әженің тәрбиесін алған дұрыс. Бірақ баланы меншіктеп алмауы керек. Әке-шешесіне қарсы қоймағаны абзал. Бұған халықтың да пікірі әр алуан.
БЛИЦ-САУАЛНАМА:
- Ағаларым берген тұңғыш балаларын. Бірақ 4 жасқа дейін болды. Одай кейін өздері ата-анасына қайтып берді. Негізі дұрыс тәрбие деп ойлаймын сол балаларға.
- Ата-ана әр баланы өзі асыраған жөн ба деп ойлаймын. Бұл енді көш сияқти ғой. Әке-шешеміз жолда қалып қояды да бала қайтадан атасынан апасынан көрі қайта әке-шешесіне қайттан үйренгенше кішкене уақыт өте ме деп ойлаймын.
Психологтар тұңғышыңды үлкендерге табыстар кезде ойланып шешім қабылдаған дұрыс дейді. Өйткені, оның болашағына, қабылдаған шешіміне өзі жауапты боласың.
Алтыншаш МАТАЕВА, ПСИХОЛОГ:
Бұл жерде шеберлік керек. Тұңғыш баланы ата-әжеге берсеңіз арғы жағында бала бұзылып кетпей ма? Сізден теріс айналып кетпей ма? Сізді жақсы көреді ма? Өзінің бал ретінде борышын түсіне ма? Қабылдай ма, ойлана ма? Осы сұрақтарды ойлаған жөн.
Ата-әже немересін бақсын, қақсын. Оған дау келтіріп жатқан ешкім жоқ. Тек анау әкең, мынау шешең деп бала күннен құлағына сіңдіру керек секілді. Дәл осындай тәрбиенің үлгісін көрсетіп отырған үлкендер жетерлік.