Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Отандық десанттық-шабуылдау әскерінің әлеуеті қандай?

03.05.2023ж. 20:00
1682
Отандық десанттық-шабуылдау әскерінің әлеуеті қандай?

Ел қорғаны - ержүрек сарбаздар. Өшпес рух пен күш-жігері асқақ тарландар елдің әскери әлеуетін арттыруда. Ал сол жаужүрек жауынгерлерді арасында қазіргі заманның батырлары, әскердің жоғары санаты болып саналатын элитаны - десанттық-шабуылдау күштері деп атайды. Отан алдындағы борышын өтеу жолында сарбаздардың сапқа тұрып, әскери міндетін атқарып жүрген горнизонға тілшіміз Әйкерім Пернебек барды.

Әйкерім ПЕРНЕБЕК, ТІЛШІ:

Қазір біз Қонаев горнизонының жаттығу алаңындамыз. Десантты-шабуылдаушы әскерлердің арасында қыз балалар сирек кездеседі, десе де бүгін біз сарбаздардың қатарындамыз. Қазір командирдің рұқсатын сұрап, Калашниов автоматынан 500 метрге оқ атудан өзімізді сынаймыз.

Мылтықты алғаш рет ұстадым. Ерекше сезім. Бір жағынан қорқыныш болды. Құлақтағы шу да әлі басылар емес. Ал білікті де білекті сарбаздар мұндай жаттығулардың күн сайын түр-түрін орындайды.

Расул ҚАЗАНБАЙ, ҚАТАРДАҒЫ ЖАУЫНГЕР:

Осы әскерде барлау ротасында жүргеніме жеті ай болды. Мен бала жасымнан бастап десанттық шабулдаушы әскерлерінде өз міндетімді атқарғым келді. Және де осы десанттық батальонға келгенде мен барлау ротасына түсемін деп өзім ойлаған жоқпын.

Десантшы жауынгерлерді аэроұтқырлық әскер деп те атайды. 800 метр биіктіктен жерге құлдилап құлау асқан шеберлікті талап етеді. Көк тарландары әуеге көтерілмес бұрын бірнеше сатылық маңызды дайындықтан өтуі қажет. Оны да көрдік.

Әбдірахман ЮЛДАШЕВ, 35-ШІ ДЕСАНТТЫҚ- ШАБУЫЛДАУ БРИГАДАСЫ КОМАНДИРІНІҢ ӘУЕ ДЕСАНТТЫҚ ДАЙЫНДЫҚ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ:

Офицерлер, сержанттар, әскерге келген сарбаздар 86 сағат бойы әуе десант кешенінде сабақ әдістерін өткіземіз. Материалдық жабдықтарды үйрену сабағы 46 сабақ беріледі, жерде дайындық - 40 сағат, парашют жүйелерін жинақтау - 20 сағат беріледі. Ол үш этаптан тұрады. Қазіргі күнде қолданылым парашютінің жүйесі Д6 сериясы 4 деген парашюттармен жабдықтанған.

Өздеріңіз байқағандай, бұл қызметтің арқалайтын жүгі өте ауыр. Қазір десанттық-шабуылдау әскері 3 гарнизонда орналасқан.

Айдос ИСАЕВ, 35-ШІ ДЕСАНТТЫҚ-ШАБУЫЛДАУ БРИГАДАСЫ КОМАНДИРІНІҢ ЖАУЫНГЕРЛІК ДАЙЫНДЫҚ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ:

Басқа әскери бөлімдерден ерекшелігі десанттықтардың ең алғашқы мына өзінің басына киіп жүрген көк беретіне сай болу және денесіне киіп жүрген көк “терняшкасына” сай болу.

Әйкерім ПЕРНЕБЕК, ТІЛШІ:

Егемен ел болып, шекарамыз шегеленген соң ұлан-байтақ жерімізді күзетіп, тыныштығын қамтамасыз ету қашанда абыройлы міндет болған. Ал Десанттық-шабуылдау әскерлері Қарулы күштердің элитасы болып саналады.

Десант болу әркімнің қолынан келмейді.