$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Жезқазғанда мопед айдап бара жатқан жасөспірімді көлік қағып кетті

AstanaTV
04.05.2023ж. 08:58
1067
Жезқазғанда мопед айдап бара жатқан жасөспірімді көлік қағып кетті

Жезқазғанда мопед айдап бара жатқан жасөспірім көліктің астына түсіп кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жасөспірім ауруханаға жатқызылды.

Сағат 20:00 шамасында Жезқазғанда Абай көшесінде орналасқан үйдің жанында жол-көлік оқиғасы орын алды. Анықталғандай, жеңіл көліктің 23 жастағы жүргізушісі жол бермей, 15 жастағы жасөспірім тізгіндеген мопедпен соқтығысқан.

"Жол-көлік оқиғасының салдарынан кәмелетке толмаған бала әртүрлі ауыр дәрежедегі дене жарақатын алып, медициналық мекемеге жатқызылды. Қылмыстық кодекстің 345-бабының 2-бөлігі "Абайсызда ауыр зардаптарға әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", – делінген полиция хабарламасында.