$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Талдықорғанда жүк көлігі үш жасар баланы қағып кетті

AstanaTV
04.05.2023ж. 08:10
1783
Талдықорғанда жүк көлігі үш жасар баланы қағып кетті

Талдықорғанда жүк көлігі үш жасар баланы қағып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ішкі істер министрлігі мәлімдеді.

Қайғылы оқиға 3 мамыр күні Көктал шағын ауданында болған. 3 жасар бала ГАЗ-53 жүк көлігінің астына түсіп кеткен. Бала алған жарақаттарынан сол жерде көз жұмды.

Жүк көлігін 43 жастағы ер адам басқарған, қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Көлік тұраққа қойылды.