$494.87 €520.65 ₽4.91
×

«ТикТокта стримде отыру мүмкін емес», – Г. Шиповских

04.05.2023ж. 20:00
981
«ТикТокта стримде отыру мүмкін емес», – Г. Шиповских

Интернет сапасы нашар. Ауылды былай қойғанда қаланың өзінде кешкұрым бір фильмды толық жүктеу мүмкін емес. Сенат депутаты Геннадий Шиповских осылай дейді. Интернет сапасына оның көңілі толмайды. Айтуынша, келешекте киберспортты дамыту көзделуде, бірақ интернет сапасы төмен болса, ол мүмкін емес. Сапалы интернетсіз мықты ІТ мамандарды да дайындап шығару қиын. ТикТокты жиі пайдаланатын депутат интернеттің нашарлығынан стримде желіге шыға алмай жүргенін жеткізді.

Геннадий ШИПОВСКИХ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Жағдай өте мүшкіл. Өте нашар. Айына жоқ дегенде 6-7 мың төлейміз. Интернеттің тарифына байланысты. Бірақ кешке жақын келіп, 1-2 сағат демала қояйын деген кезде интернеттің жүктелмеуі ол тек менің ғана емес, қаншама біздің халқымыздың қанын ішеді. Ал ол олай болмау керек. Болмаса, мәселелер пайда болды ма, жүктелмей, интернет сапасы төмендеген кезде потребительге арнайы ақшасын қайтарсын.

Тұрғындар да бұл мәселені айтып шаршаған. Бас қалада орталық аудандардың өзінде интернет сапасы өте нашар дейді. Әлеуметтік желіге кіру былай тұрсын, қоңырау қабылдау қиын екенін айтады.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Арзан деген тарифтың өзі 2500-3000. Басқа минуттар берілетіні беріледі, бірақ интернет желісі нашар.

- Айына 3000-дай ақша төлеймін. Бірақ сапасы жақсы деп айта алмаймын.

- Ақшасы сапасына сай емес. Ватсаппен звондасаң вообще 1-2 секундтан кейін өшіп қалады. Интернет тоже зорға кіреміз. Үйде вообще ютубқа кіре алмайсың интернеттен.