Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

«Қарапайым дәріхана жоқ»: Сенатор ауылда медициналық қызмет көрсету сапасы туралы айтты

04.05.2023ж. 20:00
942
«Қарапайым дәріхана жоқ»: Сенатор ауылда медициналық қызмет көрсету сапасы туралы айтты

Елімізде 7 жарым миллион адам ауылда тұрады. Алайда елдімекендер мен өңірлерде ауруханалар жетіспейді, қаржыландыру жоқ, кадр тапшы, тіпті дәрі алатын қарапайым дәріхана жоқ. Сенатор Советбек Медебаевтың айтуынша, бұл проблеманы шешу керек. Жамбыл облысындағы Меркі аудандық ауруханасын мысалға келтірді ол. Пилоттық жоба нәтижесінде шағым 60 процентке азайған. Ал «Денсаулық мектебі» жобасы медициналық сауаттылық деңгейін арттырды дейді сенатор. Сондықтан осындай тиімді жобаларды басқа өңірлерде тәжірибеге енгізуді ұсынды.

Советбек МЕДЕБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Адам ауруларының алдын алуға бағытталған ерекше тәсіл, яғни диагнозға бағытталған тәсіл» науқас пен оның қажеттіліктерін бірінші орынға қойып, ескі жүйені жақсартты. Жаңадан ашылған «Денсаулық мектептері» медициналық сауаттылық деңгейін көтеріп, шұғыл емдеуге жатқызуды төмендетті. Учаскелік дәрігерлердің жүктемесін және жұмысын жеңілдету мақсатында мейірбике қабылдауы енгізілді.