Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Ұшақ экипажының мүшелері астан ұшынды

04.05.2023ж. 20:00
837
Ұшақ экипажының мүшелері астан ұшынды

Алматыдан ұшқан әуе кемесі экипажының 4 мүшесі уланып қалды. Оқиға Air Charter Service әуекомпаниясы рейсінің бортында болған. Бортсеріктер 4 ішкі рейсті орындап, жағдайларының күрт нашарлағанын байқайды. Мұны олар борттық тамақтанумен байланыстырған. Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілдері жоспардан тыс тексеріс жүргізді. Нәтижесінде борттық тамақтандыру цехында тиісті санитарлық нормалардың сақталмағаны белгілі болды.

Ақмарал СЕМІЗБАЕВА, КӨЛІКТЕГІ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

Санитариялық ережелердің талаптарын бұзушылықтар анықталды. Атап айтқанда, тамақ өнімдерінің дұрыс сақталмауы, сөрелердің болмауы немесе қол жуатын раковиналардың бүтінсіздігі, ақаулары. Анықталған бұзушылықтар бойынша кәсіпкерлік субъектісіне қатысты айыппұл салынды 1600 айлық есептік көрсеткіш. Бүгінгі таңда бортсеріктердің жағдайы жақсы.