Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Қызылорда облысы Шиелі ауданында 11-сынып оқушысы көз жұмды

Қызылорда облысы Шиелі ауданында 11-сынып оқушысы көз жұмды

Қызылорда облысы Шиелі ауданында 11-сынып оқушысы басқарған көлік аударылып, замандасы көз жұмды. Әлеуметтік желіде тараған ақпарат бойынша, 17-дегі жасөспірім әкесінің көлігін рұқсатсыз айдап кеткен. Басынан, кеуде, мойын омыртқа тұсынан қатты соққы алған ол ауруханада жатыр. Одан өзге көлікте 4 адам болған. Оның екеуі үйіне қайтарылса, біреуі ем алуда. Ал төртіншісі 11-сынып оқушысы жансақтау бөлімінде көз жұмды. Қазіргі таңда аталмыш дерекке байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Назарбек ЖАМАЛ-АД-ДИН, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ АНЫҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

17 жастағы аудан тұрғыны «Тайота» маркалы автокөлінің басқару жүйесіне ие бола алмай, жол көлік оқиғасын жасаған. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеті жүргізілуде. Тиісті сот сараптама тағайындалуда.