Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының бесінші жарыс күні ел құрамасынан үш боксшы рингке шығады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Елорда уақытымен 14:00-де басталатын күндізгі сессияда Серік Теміржанов (57 келі) 1/16 финалда Мали елінен келген Абдул Карим Батилимен кездеседі.
Бұл А рингінде сол күні өтетін алғашқы жекпе-жек болып табылады.
Ал 19:00-де басталатын кешкі сессияда Нұрбек Оралбай (80 келі) турнирдегі алғашқы жекпе-жегінде әзербайжандық Мұрад Аллахвердиевпен А рингінде алтыншы жұпта қолғап түйістіреді.
Аталған рингте тоғызыншы жұпта Айбек Оралбай (92 келі) әлем чемпионатындағы екінші жекпе-жегінде италиялық Азиз Аббес Мухийдинмен кездеседі.
Ол алғашқы жекпе-жегінде болгариялық Радослав Панталеевті жеңген еді.
Айта кетсек, қазірге дейін ел құрамасынан Талғат Сырымбетов (60 келі) пен Санатәли Төлтаев (63,5 келі) жарыс жолынан шығып қалса, Қамшыбек Қоңқабаев жарысты жалғастыруда.