Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Абай облысы әкімі Семей соңғы орында тұрған рейтингке қатысты пікір білдірді

AstanaTV
05.05.2023ж. 13:42
787
Абай облысы әкімі Семей соңғы орында тұрған рейтингке қатысты пікір білдірді
Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Қазақстанның 25 қаласы арасында өмір сүру сапасы жөнінен Семей соңғы орында тұрған рейтингке қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Біріншіден, қандай критерийлер бойынша есептеулер жүргізілгенін және бұл қалай анықталғанын білмеймін. Екіншіден, біздің қала жоғары тұрған кейбір қалалардан кем емес. Бұл кем дегенде. Бірақ, біз біреуден жақсымыз деуден аулақпыз. Бізге бұл өте жақсы, мейірімді қызмет болуы мүмкін. Біз "минус бірінші қабаттан" бастадық, сәл кейінірек қайда болатынымызды көрейік. Бәрі қарапайым ғой. Біздің құлайтын жеріміз жоқ. Мен өз қызметкерлеріме, бәріне, бұған ренжудің қажеті жоқ деп айттым. Мен бұған жақсы қараймын. Бұл біздің бастапқы орнымыз! Бірақ бір жылдан кейін тағы да 25-орында деп айтса, онда ойланатын нәрсе болады", - деді Нұрлан Ұранхаев.

Еске салайық, бұған дейін Экономикалық зерттеулер институты (ERI) Қазақстанның 25 қаласы бойынша өмір сүру сапасының ұлттық рейтингін дайындаған болатын.