$484.19 €524.28 ₽5.03
×

Қазақстандық файтер Қайрат Ахметовтің реваншы АҚШ-та өтеді

AstanaTV
05.05.2023ж. 16:25
1117
Қазақстандық файтер Қайрат Ахметовтің реваншы АҚШ-та өтеді

6 мамыр, сенбі күні таңертең қазақстандық файтер Қайрат Ахметов (26-2) Брумфилде (АҚШ, Колорадо) өтетін аралас жекпе-жектен One FC турнирінде өнер көрсетеді. Бұл туралы ҚазАқпарат Sports.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Ахметовтың қарсыласы - австралиялық файтер Райс Макларен (16-8). Жекпе-жек Астана уақытымен шамамен 05:20-да басталады.

Бұл Қайрат Ахметов пен Рис Макларен арасындағы екінші жекпе-жек болмақ. Олар алғаш рет 2019 жылдың наурыз айында жұдырықтасып, төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен қазақстандық боксшы жеңіске жетті. Алдағы турнирге келсек, оның хедлайнерлері америкалық файтер Деметриус Джонсон (24-4-1) мен бразилиялық Адриано Мораес (20-4) болады.