Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Екі мәрте Кеңес Одағының батыры Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғаныс күштері Әскери институтында төрт жүзге жуық курсант білім алып жатыр

05.05.2023ж. 20:00
1328
Екі мәрте Кеңес Одағының батыры Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғаныс күштері Әскери институтында төрт жүзге жуық курсант білім алып жатыр

Мереке қарсаңында біздің тілшілер Екі мәрте Кеңес Одағының батыры Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғаныс күштері Әскери институтында болып, ондағы тыныс-тіршілікпен танысты. Ұшқыш курсанттың бір күні қалай өтеді, көрейік....

Абылай Жұмаш - жиырма жаста. Ол қазір үшінші курста оқиды. Талдықорғанның тумасы жастайынан ұшқыш болуды армандапты. Сондықтан мектеп бітіре салысымен осы әскери институтқа оқуға түскен.

Абылай ЖҰМАШ, КУРСАНТ:

Осы институтты бітіргеннен кейін мен ұшқыш боламын. Өзіміздің Қазақстанның еліміздің қорғаушысы болып, болашақта мүмкін Талдықорған қаласына оралып сол жақта ұшқыш болуды армандаймын.

Негізінен ұшқыштар мұнда таңғы алтыда тұрғаннан кешкі онға дейін тыным таппайды. Әуелі теориялық білім алып, кейін практикалық дәрістерге көшеді. Практикалық дәрістер арнайы тренажерларда өтеді.

Александр ЖУКЛЯЕВ, Т. БИГЕЛДИНОВ АТЫНДАҒЫ ӘҚК ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ АЭРОДИНАМИКА ЖӘНЕ ҰШУ ҚАУІПСІЗДІГІ КАФЕДРАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

Кез-келген аппаратты қосуға болады. Жеңіл моторлы, реактивті , ауыр ұшақтарда ұшуға жаттыға алады. Курсанттар кез-келген ауа райында қиын жағдайларда ұшуды үйренеді.Тіпті борттық жүйе істен шыққандағы әрекетті барлығын өтеді.

Бақыт РАХМЕТОВА, ТІЛШІ:

Мен қазір Л-39 оқу жаттығу ұшағының ішінде отырмын. Мұнда ұшқыш курсанттар ұшақ басқарудың қыр-сырын үйренеді. Осы ұшақта үйренген олар кейін кез-келген ұшақты басқарып кете алады.

Әскери институт негізінен ұшақ пен тікұшақ ұшқыштарын, инженер-механиктерді дайындайды. Ұшқышсыз басқарылатын ұшақтар операторларына соңғы кезде дайындықтан өтіп жатқан курсанттар бар. Бұл ұшақтың ең басты ерекшелігі ол арнайы камералармен жабдықталған.

Нұрлыбек СЕЙІТОВ, Т. БИГЕЛДИНОВ АТЫНДАҒЫ ӘҚК ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ НАВИГАЦИЯ БАСҚАРУ КАФЕДРАСЫНЫҢ ЗЕРТХАНА БАСТЫҒЫ:

Ұшу аппараты ол Қазақстанда барлауға және өзекті мәселелерді шешуге көмектеседі. Бұл адамның көзі жетпейтін және ақпарат талқылап үлгермейтін мәселелер болады. Сондықтан техника өз камерасы арқылы ақпараттарды жеткізіп отырады.

Қазір оқу орнында төрт жүзге жуық курсант білім алып жатыр. Олардың арасында Өзбекстан мен Тәжікстан елінен келгендер де бар.