Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Еліміздің қарулы күштері жыл сайын жаңа техникамен толығады

05.05.2023ж. 20:00
1450
Еліміздің қарулы күштері жыл сайын жаңа техникамен толығады

Еліміздің қарулы күштері жыл сайын жаңа техникамен толығады. Тіпті, әскерилердің қару-жарағына биологиялық барлау машинасы қосылған. Осы арқылы сарбаздар заманауи мобильді техниканың мүмкіндігімен танысып, ведомствоаралық дала жаттығуларын сынап көруде.

Бекболат САТУОВ, ТІЛШІ:

Бұл - кобра атауымен танымал жауынгерлік ұрыс көлігі. Мұнда 10 адамға дейін сыйымдылығы бар. Әскерилер үшін ең сыйымды, әрі жеңіл, икемді көліктердің бірі. Себебі, бұл – сағатына 115 киллометрге дейін жүйіткей алады. Яғни, тас жолда да, құм жолда да ешқандай жол таңдамайды. Ең бір артықшылық тұсы – кез-келген жағдайда ұрысуға болады. Көлік толық брондалған.

«Кобра», «Арлан», зениттік зымыран. Бұл – қазақ әскерінің тиімді жұмыс істеуіне үлес қосатын, ең танымал техникалар. Қазір қарулы күштердегі қару-жарақты көбейтіп, сапалы құралдарды алуға ден қойылған. Жыл сайын оның 3-5 проценті жаңарады.

Ербол БЕГІЛДАЕВ, ҚР ҚМ ӘСКЕРИ-ТЕХНИКАЛЫҚ САЯСАТ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қазір Қазақстан армиясы әскери техниканың негізгі қару-жарақ түрлерімен қамтылған. Жауынгерлік тікұшақтар, зениттік зымыран, автомобиль техникасы бар. Тіпті, әскери-көліктік авиация паркі толығымен жаңарды деп айтуға болады. Бұл – қазақ әскерінің кез-келген жағдайға дайын екенін көрсетеді.

Қазақстанның Қарулы Күштері 30 жыл ішінде 4 мыңнан астам заманауи қару-жарақ түрімен қамтамасыз етілді. Қазір негізгі күш-жігер әскерлердің сапалық параметрлерін арттыруға бағытталған.

Әскери қару-жарақ өндіру бойынша Түркия әлемдік көшбасшылардың үштігіне енгенін дүйім жұрт біледі. Түркі әлемінің үздік технологияға баса көңіл бөлуі бекер емес. Құрал-жабдық - қауіпсіздіктің кепілі саналады. Әскер әлеуетін Қазақстан да көтеріп келеді. Қорғаныс саласы үшін шабуылдаушы, барлаушы және тактикалық дрондарды қоса алғанда, ұшқышсыз ұшу аппаратын көбейту, жаңарту – аса маңызды.