$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Клиентін қылғындырып өлтірген оралдық жезөкше он жылға сотталды

05.05.2023ж. 20:00
1792
Клиентін қылғындырып өлтірген оралдық жезөкше он жылға сотталды

Түнгі көбелекпен көңіл көтерем деп ажал құшты. Клиентін қылғындырып өлтірген оралдық жезөкше он жылға сотталды. Сот материалдарынан белгілі болғандай, ол марқұммен бірге қаладағы сауналардың бірінде танысып, көңіл көтерген. Кейін өзін артынан қонақүйге іздеп келген жігітпен бірге ішімдік ішкен. Бірақ бөтелкелесінің ұсынысы ұнамай қалып, қылғындырып өлтіріпті.

Шара ЗАЙНУЛЛИНА, БҚО ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Екеуі спирттік ішімдігін ішу барысында жәбірленуші сөзбен жыныстық қатынасқа түсуге ұсыныс жасап, сөзбен тиіскен. Осы ұсынысқа сотталған қатты ашуланып, кенеттен жәбірленушіні өлтіруге қылмыстық ойы туындап, жарықшамның сымымен екі мәрте орап, қылғындырып, күшпен тартып өлтірген.

Сот-дәрігерлік сараптама кезінде марқұмның тіл тартпай кеткені анықталды. Ол тіпті өзін сыммен қылғындырған қызға қарсыласа алмай қалған. Ал қорғаушысы сотталушының жазығы жоқ дейді. Айтуынша, ол жүйке ауруына шалдыққан. Және бұған дейін адам тонағаны үшін үш жылға сотталған.

Әмірхан ҚҰЛЕКЕШОВ, СОТТАЛУШЫНЫҢ ҚОРҒАУШЫСЫ:

Негізі жас уақытынан бері психикалық ауырады. Тергеу барысында да оны ескерді. Бірақ сот оны басшылыққа алмады. Үкім өте қатаң деп есептейміз. Негізі бұл жерде абайсыздан болды.