Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

ШҚО-да бес жасар қыз экологиялық таза тіс пастасын ойлап тапты

AstanaTV
07.05.2023ж. 09:52
954
ШҚО-да бес жасар қыз экологиялық таза тіс пастасын ойлап тапты

Өнімді бірнеше айда әзірлеген Амина Еркінованың жетекшісі мен ата-анасы алдағы уақытта патенттеуді жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Балабақшаға барып жүрген жеткіншекті кенеттен тісінің ауырғаны мазалап, соның емін табуды ойлаған. Анасы Ақмарал Ермекованың сөзінше, тіс пастасы құрамының қалай болатындығына қызы өзі бас қатырды. Әзірлеген заттың тұтынушыларға зияны тимес үшін бірнеше мәрте тәжірибе жасап көрген.

"Бұл тауар Қазақстанда әзірге жалғыз, Ресейде аталған әдіс қолданылыпты. Аминамен бірлесе тіс пасталарында зиянды заттар бар деген тұжырымға келіп, тұрғындар үшін химиялық қоспасы жоқ өнім дайындауға бел будық", - деді №18 "Еркетай" балабақша-бөбекжайының тәрбиешілері.

Кішкентай өнертапқыштың айтуынша, эко тіс пастасын әзірлеуге үш ай уақыт жұмсады. Ең алдымен мұның тарихына үңіліп, гректер мен римдіктердің алғашында бор, тұз, күл және өсімдік тамырлары қабығынан ұнтақ қолданылғанына қарай ой түйді.

"Бірінші тәжірибемде таңертең оянған соң тіс пастасының орнына балмен тазалауды жөн көрдім. Ол үшін балауыз балының бір бөлігін балмен шайнадым. Тісім ағарып, нәтижесі таң қалдырды. Бұдан шығатын қорытынды: бал тістерді тазартуға және дезинфекциялауға көмектеседі", - деді Амина.