$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Тапаншаға ұқсас затпен қорқытқан. Қарағандыда шағын несие беру ұйымынан қомақты ақша ұрлағандар ұсталды

AstanaTV
09.05.2023ж. 08:15
1188
Тапаншаға ұқсас затпен қорқытқан. Қарағандыда шағын несие беру ұйымынан қомақты ақша ұрлағандар ұсталды

Қарағандыда шағын несие беру ұйымынан 1 миллионнан аса қаржыны қолды қылғандар анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz.

5 мамырда сағат 18:00 шамасында Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Оңтүстік-Шығыс полиция бөлімінің кезекші бөліміне белгісіз екі ер адам шағын несие беру ұйымына кіріп, 30 жастағы менеджерді тапаншаға ұқсас затпен қорқытып, 1 миллион 29 мың теңгені алып кеткені туралы хабарлама түскен.

Бұл дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы 2-тармағына сәйкес қылмыстық іс тіркелді.

"Ауыр қылмысты ашу мақсатында департаменттің криминалдық ПБ, Қарағанды қалалық ПБ және оның аумақтық ПБ-нің тәжірибелі қызметкерлерінен жедел-іздестіру тобы құрылды. 7 мамырда жүргізілген кешенді іс-шаралар барысында Астана қаласынан осы іске қатысы бар деген күдікпен 23 және 25 жастағы екі ер адам ұсталды. Айғақ заттар тәркіленді", - деді Қарағанды облыстық ПД бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық кодекстің санкциясына сәйкес, ұсталғандарға бес жылдан он жылға дейін бас бостандығын айыру жазасы көзделген.