Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Елена Рыбакина әлемдік рейтингте тағы да жоғарылады

AstanaTV
09.05.2023ж. 10:43
776
Елена Рыбакина әлемдік рейтингте тағы да жоғарылады

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина әлемнің үздік теннисшілері рейтингінде жеке рекордын орнатты. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

елена рыбакинаӘйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жеке және жұптық сында әлемнің үздік теннисшілерінің рейтингін жаңартты. Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина жеке рекордын орнатты. Қазақстандық теннисші әлемдік рейтингтің 6-шы сатысына орналасты. Бұған дейін оның ең жақсы жетістігі жетінші орын болатын.

Бірінші орында – поляк теннисшісі Ига Швентек, екінші орында – белорусиялық Арина Соболенко, үшінші орында – америкалық Джессика Пегула.

Рыбакина жарақат алып қалуына байланысты қатарынан екінші турнирге аяғына дейін қатыса алмады

Қазақстан Сәкен Бибосыновтың жеңілісінен кейін IBA-ға арыз түсірді

Сондай-ақ, өзге де қазақстандық теннисшілердің рейтингтегі орындары белгілі болды. Теннисші Юлия Путинцева рейтингтегі 51-ші орнын сақтап қалды.

Жұптық сайыста Елена Рыбакина 95-орыннан 82-ші орынға көтерілсе, қазақстандық Анна Данилина 27-ден 26-ға көтерілді.