Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Қарағандыда екі жасар бала терезеден құлап, мерт болды

AstanaTV
10.05.2023ж. 08:37
1506
Қарағандыда екі жасар бала терезеден құлап, мерт болды

Қарағанды қаласында екі жасар бала терезеден құлап, алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Ekaraganda.

Басылымның жазуынша, қайғылы оқиға 9 мамыр күні Юго-Восток шағын ауданында болған. Бүлдіршін жетінші қабатта орналасқан пәтердің терезесінен құлап кеткен. Сәбиді аман алып қалу мүмкін болмаған.

Қарағанды ​​қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің Instagram-дағы ресми парақшасындағы мәліметке сүйенсек, 2022 жылдың жазында Қарағандыда 9 бала терезеден құлап, оның ішінде біреуі көз жұмған.

Айта кетелік, бұған дейін Астанада жеті қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатынан құлап кеткен қыз баланы көршілері қағып алып, аман алып қалған еді.

ТЖМ хабарлауынша, анасы үлкен баласымен тіс дәрігерінде болған кезде үйде отырған әкесі қызының терезені ашып, сыртқа қалай шығып кеткенін байқамай қалған.