Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Ақтөбеде бала дәретханаға құлап қайтыс болды

AstanaTV
10.05.2023ж. 14:40
660
Ақтөбеде бала дәретханаға құлап қайтыс болды

Ақтөбе облысы Шалқар ауданында жазатайым оқиға болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап. 

Полиция департаменті мәліметінше, екі жасар бала көшедегі дәретхананың шұңқырына құлап кеткен. Баланы туысы шығарып алған. Санавиация арқылы зардап шеккен бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілген. Бірақ бірнеше күннен кейін бала қайтыс болды.

Басылым мәліметінше, 2 жасар баланы балалардың үлкені дәретханаға апарған. Ал кейін қатты жел соғып, дәретхананың есігі жел екпінімен жабылып қалған, ал нәресте шұңқырға құлаған.

Баланың анасы бұл уақытта ауруханада емделіп жатқан, әкесі жұмыста болған. Бала үйде туыстарының бақылауында болған. Бірақ ата-анасына Қылмыстық кодекстің 141-бабы бойынша қылмыстық іс басталды.

Дәрігерлердің айтуынша, балада пневмония дамыған, миы ісінген. Медициналық сараптама тағайындалды.